Павлодарда бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

10:50, 20 қыркүйек 2018

Павлодарда бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @tipavlo парақшасында тарады.

«Нәресте бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түскен. Ашық бас ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Оқыс жайт «1 Май көшесі, 11» мекенжайында орын алған. 1 жас 4 айдағы ұл бала қонақта болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!