Павлодарда бес қабатты үйдің екі пәтері өртенді

10:45, 19 ақпан 2018
357

Павлодарда Лермонтов көшесі, №85 үйдің бесінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерден өрт шығып, қызыл жалын келесі пәтерге көшкен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, оқыс оқиға кеше кешкі уақытта орын алған.

- Сағат 19:43 минутта өрт туралы хабарлама келіп түсті. Екі бөлмелі пәтерде жиһаз, ағаш бұйымдар жанып кетті. 40 шаршы метрге жайылған қызыл жалын көрші пәтерге көшкен. Салдарынан ол жерде үй жиһаздары өртеніп, екінші үйде өрт алты метр аумақты қамтыды. Оқиға орнында бес техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді. 1977 жылы туған ер азамат пен 1968 жылғы әйел адам құтқарылды. 20:13 минутта өрт оқшауланып, 20:55-те толығымен жойылды, - дейді мамандар.

Мұндай жағдайдың орын алуына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болды. Төтенше жағдай департаменті отпен абай болу керектігін ескертеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!