Павлодар тұрғыны итті бауыздап, басын көшеге лақтырып тастаған

12:33, 20 сәуір 2018

Павлодарлық ер азамат итті бауыздап, басы мен денесін терезеден көшеге лақтырып тастаған. Қатыгез мінезді тұрғынның әрекетіне көршілері үй жануарларының жанашырларына шағымданған, деп хабарлайды Baq.kz.

Қала тұрғыны Нина Маменованың айтуынша, көршісінің бұл әрекеті үрей тудырған.

«Ер азаматтың итті үйіне кіргізгенін көзім шалды. Тамақтандырғысы келген шығар деген ойға қалдым. Кейін итті өлтіріп, басы мен денесін далаға тастағанын көрдім. Біз шошып кеттік. Біздің үйдің жанында балалар алаңы бар ғой, олар үшін алайдаймыз. Осы көпқабатты үйде 40 жылдай тұрамын, үй жануарларына деген осындай қатыгездікті көріп жағамды ұстадым», - дейді тұрғын.

Тұрғындар ішкі істер органдарына хабарласып үлгеріпті. Алайда, ер адам жауапкершілікке тартылмапты. Осыған орай үй жануарларының жанашырларының пікірін де білдік.

«Өкінішке қарай, осы тектес жағдайларға күнделікті тап боламыз. Көше кезіп жүрген қаңғыбас ит-мысықтарда өлтіру, оларға зиян келтіру туралы шағымдар жиі түсіп тұрады», - дейді «Сердца Павлодара» қоғамдық қорының жетекшісі Мария Гребенкина.

Еске сала кетейік, биыл Павлодарда еріктілердің өтінішімен қаңғыбас ит-мысықтарды оңалтуға арналған орталық ашылады. Қалталы азаматтар бос жатқан ғимаратты сатып алуға 7 млн теңге бөлген. Жөндеу жұмыстарын да демеушілер қолға алды. Облыс орталығында үй жануарларын күтіп-баптауға қолайлы жағдай жасау мәселесі осымен 20 жыл бойы өткір тұрған. Мәселе шешімін таппағандықтан, еріктілер қауымы осындай стихиялық тәлімбақтар құрған. Қазіргі кезде жалдамалы жер үйде 80-ге жуық ит-мысық қамқорлыққа алынды. Сонымен қатар, зоо-такси қызметі де бар. Көше кезіп жүрген жануарда көрген тұрғындар хабарласа алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!