Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды

23:19, 15 қаңтар 2020
364

ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz @yyedilov Telegram-дағы Contact @yyedilov арнасына сілтеме жасап.

Оның көмекшісі мен облыс әкімі орынбасарларының бірі де ұсталды.

Қазіргі уақытта одан Павлодар облысындағы ҰҚК-де сұрақ-жауап алынып жатыр.

Zakon.kz-нің ақпарат көзі "әкімді қолына кісен салып, алып кетті" деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін айтады. Әзірге оны жауап алу үшін ғана шақырған.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол 2014-2016 жылдары Павлодар қаласының әкімі болған. Сондай-ақ бір кездері ол Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Качир ауданын да басқарған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!