Павлодар облысындағы коронавирусқа қатысты жаңа мәлімет бұрмаланып берілген

16:52, 31 наурыз 2020
486

Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысында коронавирустың жаңа жағдайы анықталды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шын мәнінде, науқас ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр. Бірақ коронавирусты анықтау бойынша күнделікті зерттеулердің көп болуына байланысты оның талдауы қателесіп Павлодар облысына жолданған. Сондықтан, қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус инфекциясының 1 жағдайы тіркелген.

Елімізде барлығы 336 коронавирус дерегі тіркелгендігі расталды (2020 жылғы 31 наурызда сағат 16: 30-да), оның ішінде:

Нұр Сұлтан қаласында - 176,

Алматы қаласы - 82,

Қарағанды ​​облысы - 13,

Атырау облысында - 13,

Ақмола облысында - 10,

Жамбыл облысында - 3,

Шымкент - 2,

Шығыс Қазақстан облысында - 2,

Алматы облысында - 8,

Ақтөбе облысында - 3,

Солтүстік Қазақстан облысында - 2,

Павлодар облысында - 1,

Маңғыстау облысында - 1,

Қызылорда облысында - 18,

Батыс Қазақстан облысында - 2 жағдай.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!