Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

13:58, 18 ақпан 2019

Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының жанында жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бүгін сағат 10.27 шамасында "Омбы - Майқапшағай" тас жолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. "Ford" және "Honda" маркалы автокөліктерінің қатысуымен тіркелген жол апатында "Honda" темір тұлпарында отырған екі адам көз жұмды, - дейді департаменттегілер.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!