Павлодар облысында үш баласын өлтірген әйел артынан өзіне қол салған

13:31, 30 шілде 2021

© Сурет: pixabay.com

Павлодарда атышулы кісі өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды. Полиция балаларды өлтірген қылмыскерді анықтады, олардың кенжесі небәрі үш жаста еді, деп хабарлайды zakon.kz.

Балаларды қатыгездікпен өлтірген өз-өзіне қол жұмсаған анасы екені дәлелденді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады, деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полициядағылар 2021 жылы 9 маусымда ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 11-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылғанын атап өтті.

2020 жылдың қараша айында Павлодарда үйіне оралған ер адам бүкіл отбасын өлі күйінде тапты. Оқыс оқиға орнына келген полиция Айманов көшесі, 2 үйден төрт мәйітті : бір әйелдің және 2013, 2015 және 2017 жылы туылған үш баланың денесін тапты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!