Павлодар облысында қоқыс жәшігінің жанынан сәбидің денесі табылды

17:25, 22 қазан 2018
312

Полиция табыған нәрестенің анасын анықтады. Оның денесі Павлодар облысы Ақсу қаласында қоқыс төгетін орынның маңынан табылған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 21 қазанында Ақсу қаласында жаңа туған нәрестенің денесінің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полиция жаңа туған сәбидің анасын анықтады, деп атап өтті ІІД-де.

«Осы іс бойынша сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомство.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!