Павлодар облысында Ертіс өзеніне 30 жастағы жігіт батып кетті
Ақсу қаласында Ертіс өзенінің Белая тармағында 30 жастағы ер адам батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
- Сағат 19.45-те жігіттің денесін жедел құтқару жасағының қызметкерлері жағаға алып шыққан. Көз жұмған адам шомылуға арнайы жабдықталмаған орында суға түскен. Оқиға орнына екі техника мен бір жүзу құралы жұмылдырылып, алты адам жұмыс істеді, - деді департаментте.
Құтқарушылар шомылуға арналмаған орындарда суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысында 32 жағажай ашу көзделіп отыр. Бүгінгі таңда ресми түрде оның 14-інде демалушыларды қабылдауға рұқсат берілген. Ақсу кентінде жүргізілген зерттеу нәтижесі судың түбі таза екенін көрсеткен. Дегенмен инфрақұрылымның жоқтығына байланысты шомылуға тыйым салынды. Сондай-ақ, Ақсу қаласындағы «Досуг-Сервис» жағажайын зерттеуге өтініш жіберілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:01, 19 сәуір 2024
Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
-
11:59, 19 сәуір 2024
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшері аталды
-
11:28, 19 сәуір 2024
Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде
-
11:11, 19 сәуір 2024
Алдағы күндері қай өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде
-
10:57, 19 сәуір 2024
Атырауда бөгеттерге арналған қаптарды ұрлаған