Павлодар облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталмады

23:30, 15 қаңтар 2020

Кейбір ақпарат көздері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың, оның көмекшісі мен орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат расталмағанын айтуда, деп хабарлайды zakon.kz Telegram-дағы Contact @yyedilov арнасына сілтеме жасап.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, нақты ұстау фактісі болған жоқ.

Ертең ҚР ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылады.

Алдында ҚР ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстағаны туралы ақпарат пайда болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!