Параға жаңа Toyota Camry алған «Ұлттық тестілеу орталығының» шенеунігі сотталды

11:48, 10 желтоқсан 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Жақсыбеков "ProBusineSS.kz" ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн. теңге болатын "Toyota camry" маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!