«Пара алды» деп күдікке ілінген Еңбек министрінің ағасы жұмысынан босатылды

12:35, 1 маусым 2020
562

Үстінен пара алу күдігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатқан ҚР Еңбек министрінің ағасыТимуржан Нұрымбетов Жамбыл облыстық әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Тимуржан Нұрымбетовтің қызметінен кеткеніне екі айдай уақыт болғанын хабарлады. Ол 2019 жылдан бастап басқарма басшысы қызметін атқарды.

Оның орнын Жорабек Баубеков басты.

Бұған дейін Еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын. Ол бірнеше адамнан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілініп отыр. Оның үй қамаққа алынғандығы да айтылды.

Министрдің ағасы туралы шамамен 15 жыл бойына Жамбыл облысы әкімдігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істегені белгілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!