Пандемия тағы бір-екі жылға созылса, Ұлттық қор да түгесіледі - экономист

23:50, 19 қазан 2021
178

© Сурет: pixabay.com

Кәсіпкерлер жаппай мүлкін сатып, маңдай термен ашқан өз бизнестерін өзгеге су тегін өткізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ең басты мәселе - ұшы-қиыры жоқ тексеруден шаршап-шалығу. Біз пайда таппағанымызбен қоймай, әркімнің функцияларын орындаймыз. Табысымыздың үш пайызы жеке қорғаныс құралдарына жұмсалады. Мысалы, маған бетпердесіз біреу келеді, сол үшін мен 680 мың теңге төлеуге мәжбүрмін. Бұл әділетсіздік қой. Барлығы ересек адамдар. Неге сатушыларымды қауіп-қатерге бас тіктіруім керек, егер ескерту жасағаны үшін оларға бөтелке келіп тиіп жатса, - дейді кәсіпкер Марина Бошель.

Тура осындай жайды әрбір үшінші кәсіпкер басынан кешуде. Кейбіреулері бизнесін уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Әрине, келтірілген зиянды өтеу туралы тіс жарып, мүлде айтылмайды. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге байланысты жұмыссыздық өсуде. Мыңдаған қызметкерлер жұмыссыз және күнкөріссіз қалды. Егер осылай жалғаса берсе, ел экономикасы күйрей салады, - дейді мамандар.

Егер осындай жағдай тағы бір-екі жылға жалғасса, онда Ұлттық қордың резерві тез түгесіледі. Карантиндік шараларды жеңілдетуге, кәсіпкерлерге жұмысын қайта бастауға рұқсат етіліп жатыр. Бұл қажет әрі дұрыс. ШОБ -тың әрбір үшінші кәсіпорыны тұралап тұр. Бұл кездейсоқтық емес. Бұл реттегі өсім қатаң шектеулер кезеңінен бастап пайда болды, - дейді экономист Арман Байғанов.

Кәсіпкерлер бірігіп президентке хат жолдап отыр. Олар бас санитарлық дәрігердің шешімдерін қайта қарауды сұрайды, ал Ерлан Қиясовтың өзін жұмыстан босатуды талап етеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!