Пандемия басталғалы бері медициналық қызмет саласында 200-ден астам жаңа кәсіп ашылды

17:45, 16 шілде 2020

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда медициналық қызмет көрсету саласында 200-ден астам жаңа кәсіпорын ашылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында медицина және медициналық қызмет саласында 229 кәсіпорын, оның ішінде 67 дәріхана ашылды, осы жылдың ІІ-тоқсанында 113 кәсіпорын, оның 34-і - дәріхана, - деді Шыңғыс Ахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар, маскалар, антисептиктер және басқа да медициналық өнімдер өндірісі бойынша 18-ге жуық жоба қаржыландырылды.

- Төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, жалпы құны 4,6 млрд теңге болатын жобалар жүзеге асырылды. Бұл - маскалар, дезинфекциялық құралдар, антисептиктер сияқты 18 жоба. Қайтарылмайтын қарыздар берілмеді, бұл - қайтарылатын несиелер. Кепілдік біздің тараптан берілді, - деп толықтырды "Даму" қоры басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!