Өзім қуаныштымын! Сағынтаевтың жанына барғалы Беспаев алғаш рет сұқбат берді

17:14, 21 қазан 2019

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған Мейрамбек Беспаев сахнаны жастарға бергенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz. Ол бул туралы әнші саясаткер болғалы алғаш рет берген сұқбатында айтты. Онда да әншіні НТК телеарнасының Ревью бағдарламасының тілшісі өткен аптада Алматыда өткен Төреғали Төрәлінің туған күнінде кездейсоқ кездестіріп қалып, әңгімеге тартқан.

Атүсті берген сұқбатында Мейрамбек Беспаев қазіргі қызметіне көңілі толатынын ашып айтыпты.

"90-ға келгенше сахнада өлең айтып тұрамын деп ойламаймын. Төреғали секілді бауырлар бар кезде сахнаны қорықпай беріп кете аласың. Өзім қуаныштымын. Ықпал ететін жерге өз саласының адамы барса, бұл құба-құп нәрсе. Өйткені жақсы түсінеді, жаны ашиды. Билікте әр саланың жанашыры отырса, шынымен де алға жылжуға болады. Жас әншілерді, әсіресе дәстүрлі әншілерді қолдау керек. Қазақы әншілерді жүрегіммен қолдаймын", - дейді ол.

Ал жаңа қызметінде атқарып үлгерген жұмыстары туралы саясаткер-әнші тарқатып айтқысы келмеді.

"Республикалық сарайдың маңында қаншама проблема бар. Ақырындап шешіп жатқан секілдіміз бәрін. Ойымызды тыңдап жатыр, соған рақмет айтамын. Орынтақ, мансап қуып жүрген адам емеспін мен. Өнер саласына көмектескім келді. Сондықтан ұсынысты қабыл алдым. Өнердің төңірегінде біраз өзгерістер болып жатыр. Әлі де болады. Концерт беріп жатқан жастар мұны жақсы біледі. Бірақ ол туралы айтпай-ақ қояйыншы, "көмектесті, анау-мынау" деген артық сөздің маған керегі жоқ", - дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!