Өзгеріс бар секілді! Димаш бес жыл бұрын түскен суретін қайталады

10:39, 23 қазан 2021

© Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде Қытайдың танымал жұлдызы Zhang Da Da-мен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Димаш Құдайберген суреттегі жүргізуші әртістің "I am singer" жобасындағы өз өнеріне тәнті реакциясымен көптің есінде қалғанын еске түсірді.

Бұл жүргізуші жігіт барлықтарыңыздың естеріңізде шығар. “I am singer” жобасында мен өнер көрсетіп жатқанымда дәл осы қалпында көпшіліктің жадында қалған еді. Қазіргі таңдағы Қытайдағы ең ірі жұлдыздардың бірі Zhang Da Da екеуміз араға 5 жыл салып, бұрынғы фотоларымызды қайталадық. Өзгеріс бар секілді) 22 жасар Димаш пен 27 жасар Димаш), делінген әншінің жазбасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!