Өзбектер Түркістанда Яссауи жайлы фильмнің түсірілім жұмыстарын бастады

17:27, 2 желтоқсан 2020

Фильмнің мақсаты – 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы, 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты, Түркі елдері арасындағы бауырластықты насихаттау, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ózbekkino" қолға алған фильм "Мерос" деп аталады.

Otyrar.tv-ның хабарлауынша, фильмнің басты кейіпкері Өзбекстан Республикасының Қазақстанмен шекаралас ауылында тұратын Бахшилло ақсақал немересімен бірге Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жолға шығып, жол-жөнекей қазақ елінің қонақжайлылығы мен бауырмалдығы, екі ел халқының бір-біріне деген бауырмалдығы мен мейірімі, әкесі Абдулланың Сәрсен атты қазақ азаматымен жан достығы, оның аң аулау кезінде әкесін өлімнен құтқарғаны жайлы естелік әңгімелерін айтып береді. Әкесі Абдулла мен Сәрсен бір-бірімен айнымас дос болуға серттеседі.

Бахши ақсақал қазақ халқына әкесінің құрметі жөнінде әңгімелей отырып, Қазақстан шекарасына кіргеннен кейін байырғы досы Оралбайдың үйіне қонақ болады.

Домбырамен ән айтып, сыр шертіскен соң Оралбай досы Бахшила мен немересіне ат пен түйе мінгізіп, Түркістанға шығарып салады. Ақсақал немересі Анварға жол бойына Қожа Ахмет Яссауидің тарихы және Түркістан жайлы қызықты әңгімелер айта отырып, қазақ жерінде тәрбиелік мәні зор түрлі оқиғалардың куәгері болады.

Жолаушылар Түркістан қаласына келіп, Ясауиге құран бағыштап, асықпай тарихи орындармен танысады. Түрлі қызықты әрі мағыналы оқиғалармен сабақтастырылған киноның мазмұны осылай болмақ. Мамандардың айтуынша, туынды 2021 жылы жарыққа шығады.

Фильмнің режиссері – Хилол Насимов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!