Өзбекстанмен арадағы шекарадағы жағдай: Қарақалпақстанның өткізу бекеттері жабылды

15:41, 2 шілде 2022

© Сурет: gov.kz

Өзбекстан Қазақстан шекарасымен шектесетін Қарақалпақстанның өткізу бекеттерін жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыл ақпаратты ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұсынды.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша «Каракалпакия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарланатыны айтылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!