Өз үйінің ауласында оқ атқан ауыл тұрғынына айыппұл салынды

09:15, 10 желтоқсан 2018
432

Өз ауласында атыс қаруынан оқ атқан Железин ауданының тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Железин аудандық соты елдімекенде атыс қаруынан оқ атқан аудан тұрғыны И-ге қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, И. Ақтау ауылында, кешкі сағат 17.00 шамасында өз үйінің ауласында аңшылық мылтығынан оқ атқан.

Сот отырысында И. кінәсін толық мойындап, сол күні үйінде шамамен 1 литр сыра ішкенін айтты.

Содан кейін ол аулаға шығып, қалдықтарды шоқып жүрген құстарды көреді. Үйінен мылтығын алып шығып, құстарға оқ атады.

Өзінің айтуынша, ол әлгі қаруды жарты жыл бұрын тауып алған, содан бері үйінде сақтап келіпті.

Сот үкімімен И. кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал аңшылық мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!