Өз-өзіне қол салмақ болған офицердің әйелі Президентке видеоүндеу жолдады

09:28, 17 қазан 2019

Әлеуметтік желіде ОВ 156/2 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі басшысының бұрынғы орынбасары Талант Амантаевтың әйелінің видеосы тарауда. Ол күйеуінің өз-өзіне қол салмақ болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода Әсем Амантаева 14 қазанда асылып тұрған күйеуінің үстінен түскенін, оны құтқарып қалғанымен, қазір ол комада екенін айтады.

Талант Амантаев, жұбайының айтуынша, сотталған Кондратенконың өлімі бойынша тергеу кезінде көрсетілген психологиялық қысымға шыдамаған. Ол күйеуінің қылмыс жасамағанын айтып, президенттен оған араша түсуді сұрайды.

Айта кетсек, ОВ 156/2 қаттаң қадағалау режиміндегі мекемесінде 18 маусымда сотталушы Андрей Кондратенконың камерада асылып, көз жұмуына байланысты тергеу басталған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіптік жаза аясында Талант Амантаев қызметінен босатылды.

Марқұмның сотталушының апайы Ирина Никифорова тергеу қорытындысы суицид деген болжаммен келіспеді.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы оқиғаға назар аударып, объективті тергеу жүргізуді сұраған. Осыдан соң облысқа Бас прокуратураның арнайы тергеу тобы сау ете түскен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!