Отын үнемдеген мектепте оқушылар тоңып отыр: облыс әкімдігі жағдайды өз бақылауына алды

12:46, 17 қаңтар 2020

Панфилов ауданындағы Надежда Крупская атындағы суық мектеп жайын облыс әкімдігі өз бақылауына алды, деп хабарлайды zakon.kz .

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақаладан бөлек әлеуметтік желілер арқылы да арыздар келіп түсіп жатыр. Қазір бұл мәселе Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың қарауына алынды. Сондай-ақ, аудан әкіміне ескерту жіберілді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Облыс әкімдігі шенеуніктерінің айтуынша, мектепті жылытуда үнем жасау туралы шешім дұрыс емес. Мектеп басшылығы мен аудандық білім бөлімінің басшыларынан түсініктеме алынды. Әкімдіктегілер қатты және сұйық отынның қоры жеткілікті, сондықтан мектепті жылытуға отын жетпей жатса, онда қосымша пайдалануға берілетінін айтады.

Айта кетсек, мектеп басшылығы журналистерге жылда жылуға отын шекті мөлшермен берілетінін, оны қысқы маусымға бүтіндей жеткізу үшін еріксіз үнемдеуге мәжбүр екендіктерін айтқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!