Өткен жылы ШҚО-дағы кәсіпорындарда 14 адам қаза тапты

15:08, 28 қыркүйек 2020

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ШҚО бойынша статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылы облыстағы кәсіпорындарда 302 адам жарақат алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,1% көп.

Зардап шеккендердің тең жартысы жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек еткен. Оның ішінде 20% – мемлекеттік, 28% өзге мемлекеттің жекеменшігінде кәсіпорында жұмыс істеген.

Өңдеу өнеркәсібінде 86 адам, тау-кен өндірісінде 69, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 29, көлік және қаттау қызметі бойынша еңбек еткен 27 адам жарақат алған.

2019 жылы өндірістік жарақаттың кесірінен 14 адам көз жұмды. Олардың дені Семей, Риддер және Өскемен қалаларындағы жеке меншік кәсіпорындарда жұмыс істеген.

Статистика департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың көбі қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаудан, сондай-ақ зардап шегушілердің абайсыз қозғалысы мен өндірістік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырмауынан туындайтынын алға тартты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!