Өткен тәулікте тіркелген КВИ белгілері бар пневмония: 159 жаңа жағдай және 12 кісі өлімі

09:44, 10 тамыз 2020

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша соңғы тәулікте тіркелген мәліметті жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 159 жаңа жағдайы және 12 кісі өлімі тіркелді, деп хабарлады министрліктегілер.

1 тамыздан бастап тіркелген коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония бойынша науқастардың жалпы саны - 1 380, қайтыс болғандары - 164 адам.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!