Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

09:44, 25 қаңтар 2021
139

25 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясынан 8 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды.

25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 360 адам короновирус инфекциясынан (15 661 КВИ+ және 11 699 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 827 науқас стационарда, 20 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

311 адамның жағдайы ауыр;
43 науқастың жағдайы өте ауыр;
42 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәліметтер

2021 жылдың 23 қаңтарында бұл дерттің 16 жағдайы, 3 кісі өлімі тіркелді, 34 адам емделіп, ауруынан жазылды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: 47 437 жағдай тіркелді, кісі өлімі - 555, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 35 183.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір