Өткен тәулікте ковидтан 15 науқас көз жұмды

09:49, 12 сәуір 2021

© Сурет: РБК

12 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

12 сәуірдегі жағдай бойынша 34 478 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (33,908 - КВИ + және 570 - КВИ -), оның 12 349-ы стационарда, ал 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ- науқастар арасында:
• ауыр жағдайдағысы - 569,
• өте ауыр жағдайдағысы - 170;
• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандары - 109 науқас.

Бір тәулік ішінде 15 қазақстандық коронавирустан көз жұмды. Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызынан бастап ковидтан 3 236 адам қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәлімет

2021 жылдың 10 сәуіріндегі ахуал бойынша 37 жаңа жағдай тіркелді. 125 адам емделіп, сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

51 399 жағдай, 727 кісі өлімі тіркелді, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 50 102.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!