Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 16 адам көз жұмды

09:54, 28 қаңтар 2021

28 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

28 қаңтардағы жағдай бойынша 27 348 адам КВИ-ден ем алып жатыр (15 690 КВИ + және 11 658 КВИ-), олардың 6 525-і стационарда, ал 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ- пациенттерінің арасында:

• ауыр жағдайда - 274 науқас,

• жағдайы өте ауыр - 47 науқас;

• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 34 науқас.

Бір тәулік ішінде 11 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап КВИ-дан көз жұмғандардың жалпы саны - 2521.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәліметтер

2021 жылдың 26 ​​қаңтарында аурудың 88 жағдайы тіркелді, 5 жағдай кісі өліммен аяқталды. Ем алған 88 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
47 658 науқас тіркелді, кісі өлімі - 564, ем алып, сауыққан барлық адам саны - 35 436.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!