Өткен тәулікте елімізде коронавирустан үш адам қайтыс болды

09:17, 1 маусым 2020

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 диагнозы бар тағы үш науқас қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Корнавирустың кеңінен таралуын болдырмау жөніндегі ведомтсааралық комиссия мәліметі бойынша, 1959 жылғы Шымкент қаласының және Павлодар облысының 1966 жылғы тұрғындары коронавирустан қайтыс болды.

КВИ бойынша талдауы оң нәтиже берген науқастардың өлімін тексеретін комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан болған өлім-жітім фактісі ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, делінген хабарламада.

Одан кейін түнде қарай Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқастың көз жұмғаны белгілі болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, БҚО-да 1967 жылғы бір адам КВИ-ден қайтыс болды.

Жалпы, Қазақстанда COVID-19 диагнозымен көз жұмған адам саны 41 болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!