Өткен айда валюта нарығында қандай өзгерістер болды

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ай қорытындысы бойынша, теңге бағамы айтарлықтай өзгермегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, тоқсандық салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында экспорттаушылардың сатылымдары, сондай-ақ 500 млн АҚШ доллары көлемінде валюта түсімінің бір бөлігін міндетті түрде іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік секторының субъектілерін сату валюта нарығына қолдау болды.
Ол сондай-ақ валюта нарығы бұрынғысынша орташа құбылмалылығымен және теңгерімділігімен сипатталатынын, бір ай ішінде интервенция жүрмегенін атап өтті.
Қараша айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюта нарығында 70 млн АҚШ долларын сатқан болатын. Бұл ретте жекелеген сауда күні ішінде операциялар көлемі 10 млн АҚШ долларынан аспады. Бұл Ұлттық Банктің қарашадағы валюта нарығындағы барлық операциялары, ешқандай "жасырын" операциялар жүргізілген жоқ.ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова
Ол транспаренттілік қағидаты шеңберінде біз ай сайын Ұлттық қордың және Ұлттық банктің басқаруындағы басқа да қорлардың қаражатын конвертациялауды қоса алғанда, валюта нарығындағы іс-әрекеттер туралы толық ақпарат берілетінін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 3 ақпан 2023
Алматы облысындағы сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады
-
22:27, 3 ақпан 2023
Қызылорда облысының тұрғындары екі қой ұрлап, оны сойып алған
-
21:56, 3 ақпан 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
-
21:06, 3 ақпан 2023
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елдегі цифрландыру үдерісін дамытуға ниетті
-
21:00, 3 ақпан 2023
Жамбыл облысында Мемлекет басшысы қолөнершілер көрмесін аралап көрді