«Отбасым біліп қоймасын дедім». Екі әйелдің денесін бөлшектеген ер адамның соты болды

14:38, 1 қазан 2020

Рудныйдың екі тұрғынын өлтіріп, денелерін бөлшектеп тықпақ болды деп айыпталған 39 жастағы Сергей Пахтусов өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен төтенше қауіпсіздік колониясына жөнелтілетін болды, деп хабарлайды zakon.kz "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін - 1 қазанда үкім жариялады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,10,13,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық сот отырысы жабық есік жағдайында өтті. Сотталушы үйленген, оның кішкентай баласы бар, бірақ сонымен бірге ол Рудный қаласының жас тұрғынымен жасырын кездесіп, әйелінің көзіне шөп салған. Осы құпиясын жасыру үшін сотталушы жалдамалы пәтерде нақсүйерін өлтірді. Ол қыздың мойнына пышақ қадаған. Алайда қыз әжесіне SMS-хабарлама жолдап, өзінің қай жерде екенін білдіріп үлгерген. Телефонды қолына алып, мұны білген ер адам әжейдің үйіне қарай беттеген. Оны да тура осындай тәсілмен, яғни мойнына пышақ қадау арқылы өлтірген. Одан соң ол өлген адамдардың денесін бөлшектеп, сөмкеге салған. Сөйтіп оны жалдамалы пәтерге әкеліп, балконға қойған. Ондағы ойы - ертең кісі аяғы азайған кезде сөмкені Тобыл өзеніне лақтырып жіберу болған, - деп түсіндірді судья Жаннар Тілеубаева сот үкімін оқығанда.

Судьяның айтуынша, кісі өлтіру ісі мұқият жоспарланған және ерекше сабырлылықпен жасалған. Сотталушы бұрын қасақана кісі өлтіргені ескеріле отырып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталушының кінәлі деп табылуына қылмысты жасағанын өзі мойындауы мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелер негіз болды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және үкім шыққан күннен бастап 15 күн ішінде оған қарсы шағымлануға болады.

Үнемі үйінде болатын 68 жастағы мүгедек арбасына танылған Елена Кимнің есік қоңырауына жауап бермеуіне байланысты Қостанайдағы туысы полицияға шағымданған. Кейін әжесімен бірге тұратын 34 жастағы Регина Нам да жоғалып кеткені белгілі болды.

Полицияның мәліметінше, күдікті тез арада ұсталды. Оның жалдаған пәтеріндегі балконнан бөлшектелген адам денесі бар сөмкелер табылды. Ер адам қылмыстың ізін жасыру үшін қысты күні өзеннің мұзын тескен, бірақ ойға алғанын соңына дейін жеткізе алмапты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!