Отандық спортшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жарияланды

17:31, 17 қыркүйек 2021
265

© Сурет: wfrk.kz

Алматы облысының полиция департаменті қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің қайтыс болғаны хабарланған. Ол 25 жаста еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!