Отандық медицинадағы жекеменшіктің үлесі артады

10:01, 22 сәуір 2017
664

Отандық медицинада жекеменшіктің үлесін арттырып, саланы дамыту мақсатында санитарлық және құрылыс нормалары қайта қаралып жатыр.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қайта реттеу аясында әкімшілік кедергілерді жою мәселесі назарға алынған. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жекеменшік медицинаның бүгінгі ахуалы мен болашағы талқыға түсті. Медицинаның жекеменшік секторына лауазымды тұлғалар тарапынан тексерулер көбейіп кеткен. «Бұл осы жүйенің қарқынды дамуына кері әсер етеді», – дейді. Дегенмен жекеменшік медицина жүйесі тұрақты дамып келеді. Сондай-ақ мемлекеттік емес медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасы мен деңгейі арта түскен. Бүгінде республика бойынша мемлекеттік емес секторда барлығы 558 емхана 300-ден астам жекеменшік тіс емханасы мен 170-тен астам аурухана бар.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Бизнестің медициналық қызмет көрсетуге белсенді қатысуын ынталандырудың тиімді тетіктері пысықталып жатыр. Бұл ретте санитарлық ережелер қайта қаралмақ. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде өткен жылы жекеменшіктегі медицинаның үлесі 29,63 пайызды құрады. Бұл – жоспарлы деңгейден едәуір жоғары көрсеткіш. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында 16 жоба бойынша шарттар бекітілді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!