Отандық ғалым пандемия кезінде бала туудың қиындықтарын еш бүкпесіз айтып берді

11:53, 28 қазан 2020

Жаһандық коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстандағы жүкті әйелдер арасындағы өлім-жітім күрт артқан. Бұл туралы профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин университеттің 90 жылдығы және қазақстандық медицинаның қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың 90 жылдығына орай өткен Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дегі "COVID-19-қа қарсы күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Маман конференция барысында босанушы әйелдердің өлімі бойынша статистиканы келтірді. Оның есебіне сәйкес, 2020 жылдың 9 айында елімізде 136 жүкті әйел қайтыс болған, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен бірнеше есе жоғары: 2019 жылы 36 жүкті әйел көз жұмған.

- Кейбір облыстарда, мысалы Ақтөбеде өлім 13, Қызылордада - 9, Шымкентте - 7 есе өсті. Сонда не болып кетті дерсіздер. Бір жылда 36 мен 140-қа жуық өлім. Әрине, індеттің салдары бар. Меніңше, бұл жағдай әлі алда талданады, - деді Вячеслав Локшин.

Сарапшының айтуынша, ана өлімінің күрт өсуінің негізгі себептері пандемия кезінде жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызудағы қиындықтар болған.

- Ауруханаға жатқызу кезінде қиындықтар болды, әсіресе маусым-шілде айларында денсаулық сақтау органдары бұл ретте өзара келісіп, шешім қабылдай алмады, яғни арнайы перзентханалар біресе жұқпалы, содан кейін уақытша ауруханаға айналды. Әйелдер босанатын жер таппай сабылды, бұрыннан баратын жеріне барса, олар ковид қабылдап жатты. КВИ-ден басқа көптеген патологиялар бар, ал жүкті әйелдер ауру тез жұғушы қаупті топқа жататындықтан, оларды қабылдамай жайтты, ал қабылдаса ПТР-тест талап етті, ол қосымша уақытты қажет етті, сондықтан ауруханаға кеш жатқызылды, уақытты жоғалтып, босану шаралары алдын ала қабылданбады, - деді спикер.

Қазір ауруханаға жатқызу жағдайы тұрақталған, бүгінде 5 мыңға жуық жүкті және босанған әйелдерге COVID-19 диагнозы қойылған және олардың барлығы қажетті ем-дом алуда. Коронавирустың өзі, көптеген зерттеулерге сәйкес, анадан жаңа туған балаға плацент немесе емшек сүті арқылы берілмейді.

Алайда Локшин жас жұптарға жүктілікті жоспарлауды кейінге қалдыра тұруға кеңес берді.

- Егер жас келіншек, мысалы, 25 жаста болса және оның денсаулығы сау болса, онда оған пандемияның соңын күткен дұрыс. Кем дегенде, 2021 жылдың жазына дейін күту керек, мүмкін, қазақстандықтар КВИ-ға қарсы вакцин осыған дейін біріліп қалады, әрине бұл айтарлықтай жеңілдік болады. Ал егер әйел 38 немесе 40 болса, ол күте алмайды. Себебі бір жылдан кейін ол бала көтере алмауы да мүмкін, ал ЭКО көмектеспеуі де ықтимал, - деп сөзін аяқтады маман.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!