Отандық дәрігерлер балаларға обырға қарсы вакцина салуды ұсынып жатыр

09:21, 20 қыркүйек 2019
632

Отандық дәрігерлер обыр дертінен көз жұмушылардың саны өскеннің үстіне өсіп бара жатқанына қатты алаңдаулы. Бұл дертті тек бір жолмен кілт тоқтатуға болады дейді еліміздің бас онкологы. Ол үшін балаларға тегін вакцияна салу керек, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

– Күн сайын 2 әйел жатыр аузы обырынан көз жұмады. Жатыр аузы обырының алдын алуға болады. Бұл ретте нешетүрлі вакцияна шығып та қойған әрі олар қауіпсіз. Ол адам денесіне енгізілетін өлі бөлік, тек қандай да папиллома пайда болғанда адамда ол "іске қосылады". Қазір бүкіл әлем ұл балаларды авкцинациялауға көшкен, – дейді ДСМ Бас онкологы Диляра Қайдарова.

Отандық онкологтар жатыр аузы обырынан небәрі 9 айда 900 әйелдің көз жұмғанын айтып отыр. Қайтыс болғандардың дені - 30-дан жаңа асқан қыз-келіншектер. Барлығы уақтылы дәрігерге қаралмаған. Дәрігерлердің айтуынша, көбі жұмысбастылықты алға тартады екен. Сондықтан да онкологтар әдейі демалыс күнді таңдап, әйелдерді тегін тексерістен қалмауға шақырды.

Толқын Садықова, Қазақ ұлттық медициналық университеті онкология кафедрасының доценті:

- Биылғы жылы 1800 жаңа ауру табылды. Оның ішінде жартысы осы бір жылдың ішінде қайтыс болып жатыр. Біріншіден – дәрігерге қаралмағандықтан. Жыныстық қатынастағы әйелдердің барлығы жылына бір рет онкоцетологиялық тексеруден өту тиіс.

Тексеруден өту қажеттілігі туралы онкологтар жылда қайталайды. Бірақ қыз-келіншектер денсаулығына селқос қарайды. Соның кесірінен кесел де дендеген. Ал статистика жаға ұстатады. Онкологтар келтірген мәліметке сенсек, жатыр мойны ісігінен - 600, жатыр денесі рагынан - 200, ал аналық без обырынан 450 әйел жылда көз жұмады екен. Биыл үдей түскен. Науқастардың туыстарына қаралы хабар айтудан әбден мезі болған ақ халаттылар әйелдерді етек-жеңді жиюға шақырды.

Диляра Қайдарова, ДСМ Бас онкологы:

- Әйелдер көбінесе жұмыстан қолымыз босамайды деп тексеруге келмей қояды. Сондықтан әдейі осы сенбі күні жаппай ашық есік күнін өткізгіміз келіп отыр. Сағат таңғы 9-дан 14:00-ге дейін еліміздің барлық онкологиялық диспасерлері қыз-келіншшектерге есігін айқара ашады. Келіңіздер! Апаңызды, анаңызды алып келіңіздер! 21-ші қыркүйекте еліміздің кез келген онкологиялық диспасерінде қыз-келіншектер тексеруден тегін өте алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!