Отандық БАҚ-тарға шетелден DDOS-шабуыл жасалды – Қазақтелеком

15:08, 25 қыркүйек 2022

© Сурет: pixabay

Бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурстарға шетелден жаппай жасалған DDOS-шабуыл тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы, жексенбіде, 25 қыркүйекте "Қазақтелеком" АҚ Коммуникация департаменті хабарлады.

Қазіргі уақытта біз маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға қол жеткізу жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарлануда. "Қазақтелеком" АҚ Коммуникация департаменті

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін өз абоненттерінен кешірім сұрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!