Өскеменге найзағай түсіп, бұрынғы әкім Тұрсынғазы Мүсәпірбеков мерт болды

09:27, 17 маусым 2019
1057

Қазақстанның шығысында Абай ауданының бұрынғы әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрынғы әкімнің денесі 14 маусымда Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасынан табылған. Оны көрген кездейсоқ куәгерлер бірден полицияға хабар берді.

Оқиға орнына жеткен тергеушілер тобы 66 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ. Ажал себебі ретінде сол жердегі ағашқа түскен найзағай аталуда.

Тұрсынғазы Жантұяқұлы Мүсәпірбеков – Шығыс өңірінде көпшілікке танымал саяси қайраткер еді. Ақтамберді жыраудың ұрпағы. Өмір бойы мемлекеттік қызметтерде болып, басшылық лауазымдар атқарған. 10 жылдай Семей қаласы әкімінің орынбасары болған, 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін Абай ауданының әкімі қызметін атқарған.

Зейнетке шыққаннан кейін ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды" КММ басшысы болып жұмыс істеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!