Өскеменде трамвай бағанаға соғылды

11:52, 18 қыркүйек 2018

Өскеменде электр көлігі жол бойындағы бағанаға соғылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Травмай бұрыла берген кезде кенеттен релсьтен шығып кетіп, жол бойындағы бағанаға барып соғылған.

Бұл оқиға туралы трамвай паркінен ешқандай ресми ақпарат берілмей отыр. Зардап шеккен жолаушылар туралы дерек жоқ. Тек трамвай машинисіне ғана медициналық көмек көрсетілген. Жол апатына рельстің ескіруі себеп болуы ықтимал.

Айта кету керек, соңғы кезде шаһарда трамвайлардың жолдан шығу деректері жиілеп кеткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!