Өскеменде тегін инватакси қызметі пайда болады

10:27, 10 қазан 2018

Қала әкімі Жақсылық Омардың бастамасымен «Өскемен Асар автоеріктілері» әлеуметтік жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін көлік қызметін көрсету.

-Мұндай жұмыс формасы басқа қалаларда енгізілген. Біз де сол тәжірибені қолдануымыз керек. Инватаксидің күшімен барлық мұқтаж жандарға көмектесу мүмкін емес. Сондықтан жеке автокөлігі бар қала тұрғындарын жобаға қатысуға шақырамын, – дейді шаһар басшысы.

Автоеріктілердің қатарына қосылуға ниет білдірушілер болса, 8-747-911-00-11нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!