Өскеменде Смарт сағат пен көптеген ұялы телефонды түрмеге кіргізудің жолы кесілді

© Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ОВ 156/2 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған ұялы байланыс құралдарының түрмеге кіргізуінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыс орталығының тұрғыны колонияның қоршауынан скотчпен оралған қара түсті орамды лақтыруға тырысты. Қоршау бойын бақылап жүрген мекеме қызметкері құқықбұзушыны байқап қалған. Ұсталған азаматтан көптеген смартфон, зарядтау құрылғылары, SIM-карталар мен Смарт сағат табылды.
Азамат бұл заттарды түрме аумағына лақтырмақ болғанын мойындады.
"Жазасын өтеушілер түрме аумағында тыйым салынған заттарды қолдана алмайды. Алайда, оларға ұялы байланыс құралдарын заңсыз жеткізу арагідік орын алып отырады. Колония қызметкерлері патрульдеу кезінде осындай әрекеттегі адамдарды ұстады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы, яғни "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру" бойынша жауапкершілікке тартылады. Осылайша олар өздеріне және жақындарына кесірін тигізуі мүмкін екенін түсінбейді", - деді ОВ 156/2 мекемесінің бастығы Еркін Кабин.
Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:28, 4 шілде 2022
Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады
-
17:15, 4 шілде 2022
Бұршақ, жел, шаңды дауыл: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы
-
17:03, 4 шілде 2022
Доллар мен рубль бағамы түсті
-
16:49, 4 шілде 2022
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта: бас санитар дәрігер қаулы әзірлеп жатыр
-
16:38, 4 шілде 2022
S&P Global Ratings: «Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары»