Өскеменде 50 мың теңге пара үшін полиция инспекторы Қапан сотталды

13:26, 26 наурыз 2020

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ШҚО Полиция департаментінің Өскемен қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Р.С. Қапанның ҚР ҚК-тің 366-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша қылмыстық істі өндіріспен аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін 50 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

17.03.2020 ж. Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Р.С. Қапанға полиция капитаны арнайы атағынан айырумен қатар, 1 250 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!