Өскеменде мас адам полицейді пышақтап кетті

13:58, 18 қаңтар 2019
305

Өскемен көшелерінде тәртіп күзетіп жүрген сержантты 61 жастағы адам пышақтап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 15 қаңтар күні кешкі сағат 19.30-да болған. Аулалардың бірінде сенделіп келе жатқан бейтаныс адамды қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген полиция өкілдері тоқтатқан. Сақшылардың тексеруіне бағынғысы келмеген 61 жастағы тұрғын 22 жастағы сержантқа кенет пышақ сілтесе керек. Абырой болғанда пышақ сақшының денесіне бойлап кірмеген. Алған жарақатына қарамастан ол қасындағы әріптесімен бірге мас адамды оқиға орнында тұтқындапты.

"Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін сотталғаны анықталып отыр. Енді үстінен полиция өкіліне күш көрсеткені үшін ҚР Қылмыстық кодекісінің 380-бабының 2-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр" - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!