Өскеменде көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

17:12, 9 сәуір 2021
515

© Сурет: ашық дереккөздерден

Өскеменде Назарбаев даңғылы мен Стахановская көшесінің қиылысында күдік тудырған "Audi" көлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері мас жүргізушіге тап болды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Құжаттарды тексеру барысында 38 жастағы ер адам медициналық куәландыруға сәйкес көлік құралын орташа дәрежеде алкогольдік мас күйінде басқарған, сондай-ақ, жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Көлік құралының жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2021 жылдың өткен кезеңінде ШҚО-да 128 көлік арнайы тұраққа орналастырылды.

Мас күйінде көлік жүргізетін азаматтарға қатысты заңнамалық нормалардың қатаңдатылуына қарамастан, мас жүргені үшін бас бостандығынан айрылғысы келетіндер әлі де бар.

ЖКО-ға жол бермеу және өмірі мен денсаулығын, жақындары мен туыстарын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жол жүру ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқару рульіне отырмауға кеңес береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!