Өскеменде Бари Алибасов мүсінінің аяғы жоғалып кетті

17:30, 23 шілде 2018
349

Өскеменде ғашықтар аллеясындағы Бари Алибасов мүсінінің аяғы жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Қолында гитарасы бар, гипстен жасалған ер адам алтын түске боялған. Дәл осы түс вандалдардың назарын аударған болуы керек. Алдымен мүсіннің аяғын бүлдірсе, кейін тіптен жұлып алып кеткен.

«Ғашықтар аллеясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақтаулар боялып, орындықтар қалыпқа келтірілді. Барлық мүсіндерді тексеріп, қалыпқа келтіреміз», - дейді Өскемен-тәртіп мекемесіндегілер.

Коммуналдық ұйымдар да келесі аптада мүсіннің аяғы орнына қойылатынына уәде берді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!