Өскемен қаласына жаңа әкімі тағайындалды
© Сурет: gov.kz
Алмат Ақышов Өскемен қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 2024 жылғы 11 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада белгілі болды.
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алмат Ақышовтың экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, оған облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамытуды қамтамасыз етуде зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.
Аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтауды жүктеді.
Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту үшін бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстар дайындау тапсырылды.
Сондай-ақ облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар жөнінде тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды жүктеді.
"Қала тұрғындары өз ауызбіршілігін көрсетіп, Өскеменнің өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысады деп ойлаймын", — деді Ермек Көшербаев.
Ол - Шығыс Қазақстанның тумасы. Өскеменде өсіп, еңбек жолын да осында бастаған. Әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды.
Ұлан ауданы аппаратының басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.
Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді. Еңбек өтілі 14 жылды құрайды, оның 12 жылы мемлекеттік қызметте өтті.
Сондай-ақ Алмат Талғатұлы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, оның өңірлерді дамыту саласы бойынша магистрлік дәрежесі де бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 11 желтоқсан 2024
«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 11 желтоқсан 2024
«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
21:44, 11 желтоқсан 2024
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған