Өседі, көбейеді, қозғалады. Қазақстанда тірі тастар бар

10:38, 23 мамыр 2019
494

Қазақстанда өздігімен қозғалатын, тіпті көбейе алатын тровант-тастар бар. Ондай тірі тастар Семей, Балқаш және Маңғыстау жақта кездеседі. Бұл туралы "Экспресс К" газеті жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тровант-тастар тұңғыш рет Румыниядан табылған. Француз ғалымы Ришар Лион мұны тіршіліктің кремнийлік түрі деген. Трованттар тыныс алады, көбейеді және керек кезде орнынан қозғала алады. Бұл тастың бір рет тыныс алуы екі аптаға созылады екен.

Трованттың тіпті пульсі бар екені ашылған! Ондай тасты бақшаңызға әкеп қойсаңыз, ол бірнеше айдан кейін үлкейіп, өседі. Трованттар бүршіктену арқылы көбейеді. Тірі тастардың барлығының қалыпы бірдей, картоп түйнектеріне ұқсайды. Ғалымдар байқаған ең ірі трованттың диаметрі 10 метр болған.

Трованттарды Балқаш көлінің солтүстік жағасы мен Семей жақтағы Бродячее алқабынан табуға болады. Жергілікті тұрғындар бұл тастардың өзінің артынан терең із қалдыратынын байқаған. Олар көшеді. Агроном Игорь Бакаев бір сұхбатында айтқандай, бірде тастың түбіне келіп, ұйықтап қалған. Оянса, тас топырақта ізін қалдырып, үш метрдей жерге жылжып кеткен!

Анау-мынауға көп сенбейтін скептиктер қашан да болған. Оларға салсақ, трованттар түк те тірі емес. Тек ерекше минералды формуласының арқасында өзіне ылғал сіңіріп, көлемі үлкейеді. Ал орнынан қозғалуына топырақтың қызғаны мен суығаны себеп. Бірақ енді ол тастардың бүршіктенуін ешбір скептик түсіндіре алмай отыр.

Трованттар – өзінің кремнийлік ДНК-сы бар ерекше тіршілік түрі, – дейді француз зерттеушісі Ришар Лион. – Бұл нағыз ғажайып! Әрбір кремнийлік ағза миллиондаған жылдар бойы тіршілік ете алады.

Алан Исаев


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!