Орталық коммуникациялар қызметінің директоры жаңадан тағайындалды

17:35, 19 мамыр 2020
433

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол Талғат Қалиевтің орнына келді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!