«Ордабасы» ойыншыларына төленбеген жалақы мөлшері 500 миллион теңгеге жетті

15:05, 23 қараша 2017
357

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының спортшылары клубтың жалақы төлемей отырғанына шағымданды, - деп хабарлайды Zakon.kz порталы tvk-uko.kz-ке сілтеме жасап.

Клубтың қазіргі таңдағы жалпы қарызы 500 миллион теңгені құрайды. Қарызды Республикалық бюджеттің есебінен төлеуге уәде беріп отыр.

Сонымен қатар, клуб табысы аз отбасы мүшелеріне билеттерді арзан бағамен сатуы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап жұмыс орындарын ашуы тиіс.

Еске сала кетейік, 7 қараша күні "Ордабасы" футбол клубы 5,5 миллиард теңгеге сатылған болатын.







Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!