Оралдың жаңа әкімі тағайындалды

16:47, 12 тамыз 2019

Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Абат Шыныбеков болды.

Бұған дейін ол БҚО Казталов ауданының әкімі болған.

Абат Шыныбеков 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, Батыс Қазақстан «Еуразия» Менеджмент және тілдер институтын бітірген.

Әр жылдары облыс әкімі аппаратының бас маманы, бөлімдердің бас инспекторы, Казталов ауданы әкімінің орынбасары, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, Сырым ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2017 жылдың маусым айынан бастап Казталов ауданының әкімі болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!