Оралдағы қарттар үйінде бөлмелесін өлтірген тұрғын он жылға сотталды

17:09, 19 қазан 2018
372

Оралдағы қарттар үйінде бөлмелесін өлтірген тұрғын он жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қазандағы үкімімен Хамит Қожбанов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, Х.Қожбанов 31 шілде күні сағат шамамен 11.30-да «Орал арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінің №413 бөлмесінде өзімен бірге тұратын Ж.Өтеғалиевпен арақ ішкен.

Шамамен сағат 13.30-да екеуі сөзге келіп, соның салдарынан Ж.Өтеғалиев үстелден асүй пышағын алып, Х.Қожбановқа сілтеп, қолын жарақаттаған. Х.Қожбанов оның қолынан пышақты тартып алып, лақтырып тастап, мекеме қызметкерлерін шақырудың орнына өлтіру мақсатымен Ж.Өтеғалиевтің жүрек тұсына сұққан. Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдағы қарттар үйінің бір тұрғыны екіншісін пышақтап өлтіргенін жазған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!