Оралда 82 жастағы әжейді 2 күннен бері туыстары таба алмай жатыр
Оралдық 82 жастағы Қанипа Мұсақаева 22 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Туыстары кешелі бері баруы мүмкін деген жерлердің бәрін іздеп, оны таппаған деп жазады Sn.kz.
«Ол Альцгеймер ауруына шалдыққан. Қазір істегенін қазір ұмытып қалады. Үйден шығып, автобуспен бір жаққа кетіп қалған. Бүгін екі күн болды. Қайда барып іздерімізді де білмей қалдық», – дейді әжейдің келіні.
Қарт кісінің үстінде сұр тоқыма, аяғында етік, басында ақшыл сұр түсті баскиім болыпты.
Туыстары жергілікті полицияға арыз жазып қойыпты.
Қанипа әжейді көрген-білгендер болса, төмендегі байланыс телефондарына хабарласа алады: 87023619941, 87756979090.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 24 сәуір 2024
«Торсыққа су жинаймыз». Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді
-
22:28, 24 сәуір 2024
«Адам іздеп жүрмін!». Астанада Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті
-
22:15, 24 сәуір 2024
Қорғаныс министрі су тасқыны кезінде көмекке жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді
-
21:50, 24 сәуір 2024
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». Бейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды