Оралда төңкеріліп қалған көлікті полиция қызметкері тізгіндегені белгілі болды

15:48, 19 ақпан 2020
353

Оралда аударылған Toyota автокөлігін патрульдік полиция батальонының қызметкері тізгіндеген, деп хабарлайды zakon.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.

19 ақпанда, таңертең, Әбілқайыр хан даңғылында С.Тюленин аялдамасы маңында Toyota Camry және Kia көліктері соқтығысып, Toyota қатты соққыдан төңкеріліп қалды. Kia-да болған әйел мен баланы жедел жәрдем көлігі алып кетті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Kia көлігімен соқтығысқан Toyota Camry көлігінің тізгінінде полиция қызметкері болғанын хабарлады.

Полицияның баспасөз қызметі түсіндіргендей, Гастело көшесімен келе жатқан Kia жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен қиылыста Toyota Camry көлігіне жол бермей, екеуі соқтығысқан.

Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды. Апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!